Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев Alatau City-ді Қазақстанның алғашқы smart-қаласы ретінде атады

Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жаңа қаланың ұзақмерзімді даму моделін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, оның еліміздегі алғашқы толық цифрлық қалаға айналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысының айтуынша, жобаны жүзеге асыру ауқымды қаржылық және операциялық шығындарды талап етеді. Сондықтан қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді қаржы-экономикалық модель әзірлеу қажет.

«Қаланы дамытудың орнықты моделін құру маңызды. Жобаны жүзеге асыру айтарлықтай күрделі және операциялық шығындарды қажет етеді. Бұл орайда тұрақты, болжамды кіріс базасын қалыптастырған жөн», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қаржылық модельдің болашақ шығындарды толық жаба алмау қаупі бар екенін айтты. Оның сөзінше, инвестициялар мен бизнестің дамуына басымдық берілгенімен, бұл кепілдендірілген табыс көзі емес.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бастапқы кезеңде ұсынылатын жеңілдіктер бюджет кірістерінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Бұдан бөлек, бастапқы кезеңде көзделген жеңілдіктер салық түсімдерінің азаюына әкеледі. Бұл құрылымдық алшақтыққа ұрындыруы мүмкін. Өйткені қаланы қамтамасыз ету мен дамытуға қаражат қажет кезде түсімдер кешігуі немесе бастапқыда төмен болуы ықтимал», – деді ол.

Президенттің айтуынша, Алатауды дамыту жөніндегі кеңес пен қала әкімдігі ұзақмерзімді қаржы-экономикалық даму үлгісін әзірлеп, қаланың болашағын айқындайтын негізгі стратегиялық құжаттарды қабылдауы қажет.

«Инвесторлар мен серіктестер, азаматтар 10, 20 немесе 30 жылдан кейін Алатау қаласының қандай болатынын түсінуі қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City-дің басты ерекшелігі оның толық цифрлық басқару қағидаттарына негізделетінінде екенін атап өтті.

«Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және «ақылды» басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы», – деді Президент.

Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап қаланы қарқынды дамыту кезеңіне көшу үшін барлық стратегиялық құжаттарды биылғы жылдың соңына дейін бекітуді тапсырды.

Оның ішінде Ұзақмерзімді жоспар, Мастер-жоспар және Даму стратегиясы секілді негізгі құжаттар бар.

«Мұндай ірі және ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда процесті жедел, қарқынды және ең әуелі сәтімен бастау өте маңызды. Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер», – деп түйіндеді Президент.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz