Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан аумағында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026
Әлем, Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, жаңа өңірлік орталық Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бағыттарда тұрақты дамуға қол жеткізуге қолдау көрсетеді.

Келісім аясында орталық кешенді іс-қимыл жоспарын әзірлеп, өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын болады. Сонымен қатар, БҰҰ құрылымдары, өңірлік ұйымдар, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етеді.

Құжат қорытындысында орталықтың теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған 2024–2034 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға да үлес қосатыны атап өтілген.

Сондай-ақ, орталық ұйымдастыратын іс-шараларға қатысатын БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдеріне БҰҰ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға сәйкес бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Бұдан бөлек, Қазақстанның орталық және жергілікті атқарушы органдары орталық қызметкерлерінің жұбайларына жұмысқа рұқсат беру, визалар мен тұруға ықтиярхаттарды жедел рәсімдеу тәртібін қамтамасыз етеді.

Құжатта Үкімет пен БҰҰ арасында орталықтың қызметіне қатысты қосымша әкімшілік және қаржылық келісімдер жасау мүмкіндігі де қарастырылған.

Айта кетейік, Мәжіліс отырысында Қазақстан мен БҰҰ арасында аталған өңірлік орталыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандум да ратификацияланды.

Тегтер: БҰҰҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жалақыдан жалақыға дейін: қарызға тәуелді қоғам қаржылық еркіндікке қашан жетеді?

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
21.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
21.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
21.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz