Зерттеу қорытындысында Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелгені айтылған. Бұл көрсеткіш 91,4 пайызға жеткен.
Институт мәліметінше, мұндай үрдіс жас буынның мемлекет ұсынатын мүмкіндіктермен тікелей байланыста болуымен түсіндіріледі.
“Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін көрсетеді. Жас буын мемлекет тарапынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарламалар, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Сонымен қатар бүгінгі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келеді, бұл жағдай Президентке деген сенім деңгейіне де ықпал етпей қоймады”, – делінген хабарламада.
Сауалнама нәтижесі қала және ауыл тұрғындары арасында да Президентке деген сенім деңгейі жоғары екенін көрсеткен. Қала тұрғындарының 86,9 пайызы, ал ауыл халқының 86,7 пайызы мемлекет басшысына сенім білдірген.
Сонымен қатар зерттеуде сенімнің мазмұны әртүрлі екені атап өтілген. Ауыл тұрғындары мемлекетпен инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар мен төлемдер арқылы тікелей байланыс орнатса, қала тұрғындары жүйелі реформалар мен олардың нәтижелерін бағалауға көбірек мән береді.
Гендерлік көрсеткіштер бойынша да Президентке деген сенім жоғары деңгейде сақталған. Әйелдер арасындағы сенім деңгейі ерлермен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары екені анықталған.
Ал білім деңгейі тұрғысынан жүргізілген талдау айтарлықтай айырмашылық байқатпаған. Респонденттердің білім деңгейіне қарамастан, Президентке деген сенім тұрақты жоғары деңгейде сақталып отыр.
Зерттеу авторлары азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын Президентке деген сенім деңгейі де өсетінін атап өтті. Бұл экономикал
ық жағдайды оң бағалау мен мемлекет басшысының саясатын қолдау арасында өзара байланыс бар екенін көрсетеді.





