Конференция барысында жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым мен технологияның даму мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Жас Дарын орталығы директоры Н. Сеильбеков қатысып, университет басшылығымен жастардың ғылыми әлеуетін арттыру бағытында келіссөздер жүргізді.

Конференция аясында тараптар жас ғалымдар мен дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруды, тағылымдамалар ұйымдастыруды және жастардың стартап бастамаларын қолдауды көздейді.
Аталған бастама жасанды интеллект дәуірінде отандық ғылым мен білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.





