Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Ертең, 11 сәуір күні Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
10.04.2026
Жаңалықтар
Фото: Ашық дереккөзден

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында 10-11 сәуір күндері «Таза қала» экологиялық акциясы ұйымдастырылады. Бағдарламаға сәйкес 2026 жылдың 11 сәуірінде сағат 09:00-де Қонаев қаласында жаңа «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызылады.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар және басқарма басшылары қатысады деп жоспарлануда.

Салтанатты рәсім аясында экологиялық акция ұйымдастырылып, 200 түп ағаш отырғызу көзделген. Атап айтқанда, терек, акация, тал, қарағаш, катальпа және сумах ағаштары егілмек.

Жоба аясында эко-парк аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Жалпы 5 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Нысанды ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін толық пайдалануға беру көзделіп отыр.

Жоба жүзеге асқаннан кейін жаңа эко-парк қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Тегтер: Басты жаңалықтарТаза Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz