Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Кездесу барысында өнеркәсіп, инновациялық технологиялар, логистика, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялық өндіріс салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, тараптар бұған дейін 2023 жылы кездесіп, 20-дан астам іскерлік келісімге қол қойған. Ал Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс 2017 жылдан бастау алады. 2025 жылы өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалып, нәтижесінде бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылған.

Облыс әкімі Сиань қаласының Қытайдағы тарихи әрі экономикалық маңызы зор орталық екенін атап өтіп, мұндай кездесулер екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтатынын жеткізді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел стратегиялық әріптестікке негізделген тұрақты байланыс орнатты. Қытай – біздің негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард АҚШ долларынан асып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,25 миллиард доллардан асқан.

Кездесу барысында нақты жобалар да сөз болды. Атап айтқанда, «Tehnograd» компаниясы мен Шэньсидің технологиялық даму компаниясы бірлесіп ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру жобасын іске асыруда. Сонымен қатар білім беру саласында да ынтымақтастық нығайып, студенттер алмасу бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.

Облыс әкімі робототехника, жасанды интеллект, мұнай-газ машина жасау және компьютер инженериясы бағыттары бойынша бірлескен шеберханалар ашуды ұсынды. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, медиа саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, жүгері және басқа да дәнді дақылдарды терең өңдеу бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ Шэньси провинциясының жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге тегін гранттар бөлу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта одан әрі тереңдей түсетіні атап өтілді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Алматы облысының спортшылары Түркияда тарихи жеңіске жетті

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Қонаевта 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылуда

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

Шонжыдағы аудандық кітапхана жаңғыртылып, заманауи орталыққа айналды

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz