Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен Қытай ынтымақтастығы күшейеді: ірі келісімдер жасалды

Қытай Халық Республикасында Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форум өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іскерлік жиынды Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған. Форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған делегация мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды.

Келіссөздер нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология және IT салаларын қамтитын жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын жобалар пулы қалыптасты.

Аймақ басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің инвестиция мен әріптестікке ашық екенін бірнеше рет атап өткенін жеткізді.

«Қытай – біздің ең ірі сауда серіктесіміз әрі стратегиялық әріптесіміз. Алматы облысы Қытаймен тікелей шектеседі, бұл өзара сауда мен логистика үшін үлкен мүмкіндік береді», – деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, бүгінде өңірде жалпы құны 6,2 трлн теңгені құрайтын 216 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде 72 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Бұл бастамалар 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өңірде PepsiCo және KT&G секілді ірі халықаралық компаниялар табысты жұмыс істеп келеді.

Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асқан. Қазіргі таңда өңірде қытай капиталының қатысуымен 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Форум барысында облыс әкімі жаңа Алатау қаласының құрылысына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл жоба өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, заманауи инфрақұрылымы бар жаңа орталыққа айналады.

Марат Сұлтанғазиев шетелдік компанияларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырып, инвестиция тек қаржы емес, сенім мен ұзақ мерзімді серіктестіктің көрсеткіші екенін атап өтті.

Алдағы уақытта Алматы облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайып, жаңа ірі жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Заседание Координационного совета в сфере социальной защиты прошел в Алматинской области

Николай Иващенко
02.04.2026

В Конаеве обновляют кровли 13 жилых домов

Николай Иващенко
02.04.2026

Названа точная численность населения Казахстана

Николай Иващенко
02.04.2026

На трех маршрутах Нацперевозчика запускается скидка 25%

Николай Иващенко
02.04.2026

Сын депутата Даулета Турлыханова вышел на свободу

Николай Иващенко
02.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz