Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Экологиялық акция: Алматы облысындағы 55 ғимарат жарығын өшіреді

Бүгін Қазақстанда «Жер сағаты» жаһандық экологиялық акциясы өтеді. Игі бастамаға Алматы облысы да қосылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өңірдегі 55 нысанның жарығы сөндіріледі. Олардың қатарында облыс әкімдігі, бірқатар аудан және қала әкімдіктерінің ғимараттары, сондай-ақ кәсіпорындар бар.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл акция қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа ұқыпты қарауға үндейді. Биылғы тақырып елдегі экотуризмді дамытуға бағытталған.

Акция аясында тұрғындар бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, табиғатқа деген жауапкершілігін көрсетуге шақырылады.

Айта кетейік, «Жер сағаты» акциясына әлем бойынша 2 миллиардтан астам адам қатысады. Игі шараға 180 елден 7 мыңға жуық қала қосылады. Биыл акция әлемде 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өткізілмек.

Шараның негізгі мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне қоғам назарын аудару.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz