Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында президент қаулысы жарияланды.
- Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады.
- Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.





