Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Арнаулы құқық режимі Алатау қаласына қатысты қолданылуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасының идеологиялық және саяси мәніне назар аударып, ұсынылған нормалардың маңызын жан-жақты түсінуге шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026
Жаңалықтар, Саясат

Президент барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумында сөйлеген сөзінде жаңа Конституция жобасында жекелеген аумақтар мен «қарқынды дамитын қалалар» үшін арнаулы құқықтық режим енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, осы нормаға қатысты қоғамда түрлі қауесеттер тарай бастаған.

«Осы нормаға байланысты еліміздің аумақтық тұтастығына қауіп төндіреді деген қауесет тарай бастады. Әдетте мұндай ауыр айыптауды әлемдік тәжірибеден мақұрым, заңнамалық сауаты жоқ адамдар айтады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент кейбір азаматтардың өз беделін арттыру үшін қоғамда негізсіз пікір таратып жатқанын айтып, жаңа Конституциядағы нормаларды мұқият зерделеуге кеңес берді.

«Саяси буллингпен» шетелдік азаматтардың айналысатыны өз алдына. Бірақ осы қитұрқы әрекетке өз азаматтарымыздың баруын, оның үстіне себепсіз соқтығуын түсіну өте қиын. Кейбіреулер өз бағасын асырып, жұрт алдындағы беделін көтеру үшін ұлт мүддесіне шекеден қарап, шектен шығады. Тым болмаса жаңа Конституцияның идеологиялық және саяси мәніне, ұсынылған нормалардың қандай рөл атқаратынына бір сәт үңіліп көрген жөн», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, арнаулы құқықтық режим ең алдымен инвестиция тарту үшін енгізіледі.

«Біз арнаулы режимді тек қаражат, яғни капитал тарту үшін енгізіп отырмыз. Мұндай артықшылық қаржылық басқару, салық жеңілдіктері және сот рәсімдеріне қажетті жұмыстарды қамтамасыз ету үшін беріледі. Мәселен, осындай режим Алатау қаласына қатысты қолданылмақ», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Конституцияда арнаулы құқық режимін бекіту инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жер жүзіне Қазақстанды тұрақты, ашық, кедергісіз және ішкі нарықтағы ахуалы айқын ел ретінде көрсетеміз. Мұндай аумақтар Қазақстанның біртұтас конституциялық, құқықтық кеңістігінің ажырамас бөлігі саналады және солай болып қала береді. Конституциялық жүйенің аса маңызды бөлігі ретінде еліміздің аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік құрылымы мызғымас сипатқа ие», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

В Конаеве состоялось шоу дронов в поддержку референдума по проекту новой Конституции

Николай Иващенко
12.03.2026

В Конаеве проведена информационно-просветительская экологическая встреча на тему «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!»

Николай Иващенко
12.03.2026

Президент рассказал, что непосредственно участвовал в подготовке текста Новой Конституции, уделяя внимание каждой ее главе и каждой статье

Николай Иващенко
12.03.2026

Своих не бросаем: Казахстан эвакуировал более 9 тыс. граждан из зоны ближневосточного конфликта

Николай Иващенко
12.03.2026

Проект Основного закона – яркий пример гуманного отношения к гражданам — Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz