Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: Мәслихаттардың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жиынның маңызына тоқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026
Жаңалықтар, Саясат

Тоқаев форумда салмақты және пайдалы ой-пікірлер айтылды деп, олардың барлығы парламент пен үкіметтің алдағы жұмысында ескерілетінін айтты.

«Ең алдымен, баршаңызға және жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Салмақты, пайдалы ой-пікірлер айтылды. Оның бәрі Парламенттің, Үкіметтің алдағы жұмысында ескерілетін болады.Шын мәнінде, бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Бүгінгі форумға барлық аймақтан жергілікті билік өкілдері арнайы келді. Қазір осы залда миллиондаған отандасымыздың мүддесін қорғап жүрген екі мыңға жуық депутат отыр.Сіздер халықпен тығыз жұмыс істеп жүрсіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жақсы білесіздер. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Сіздер атқарып жатқан жұмысты ұдайы басты назарда ұстаймын», — деді ол.

Президент Қазақстанда кең ауқымды, тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Жалпы, мұндай жиын өңірлік саясаттың тиімділігін бағалап, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда кең ауқымды, тарихи өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Игі бастамалардың бәрі де халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолға алынды. Біз мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканы және әлеуметтік саланы түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда, мәслихаттардың алдында тұрған миссия – айрықша.Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.Біз бұған дейін біраз шаруа атқардық. «Қуатты аймақтар – қуатты ел» қағидатына сәйкес мәслихаттардың беделін көтердік. Соның арқасында осы құрылымдар мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты институттың біріне айналды. Дегенмен мәслихаттардың әлеуетін одан әрі күшейту үшін бірқатар міндетті орындауымыз керек», – деді президент.

Президенттің айтуынша, мәслихаттар алдында тұрған миссия айрықша: өкілдер органдарын күшейту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

В аэропорту Денвера самолет насмерть сбил человека на ВПП

Николай Иващенко
10.05.2026

О полетах истребителей над Астаной предупредило Минобороны

Николай Иващенко
10.05.2026

Двое подростков утонули на плотине под Алматы

Николай Иващенко
10.05.2026

Автора «наскальных рисунков» привлекли к ответственности в Мангистауской области

Николай Иващенко
10.05.2026

Аким Алматинской области вручил ключи от нового автомобиля Асем Орынбай

Николай Иващенко
09.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz