Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы 2026 жылғы 23 ақпанда «Стрептоцид» дәрілік құралын медициналық қолдануға тыйым салу және оны айналымнан алу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Құжатқа сәйкес, тыйым салынған препарат — «Стрептоцид» таблеткалары, 300 мг, контурлі жасушалық қаптамада 10 таблеткадан, 5 қаптама картон қорапта, өндіруші — Химфарм (Қазақстан), жарамдылық мерзімі – 08.2030.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасына шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде:

  • комитеттің аумақтық бөлімшелеріне;

  • дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды айналымға енгізу саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына;

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

  • СК-Фармация

тиісті ақпаратты жеткізу міндеті жүктелген.

Препаратты айналымнан алуға 2026 жылғы 18 ақпандағы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ хаты және 2026 жылғы 13 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Сонымен қатар, бірқатар дәрілік заттардың тіркеу куәлігі қайтарылған:

  • «Левомицетин» (Хлорамфеникол), инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г. Тіркеу куәлігі иесі — Киевмедпрепарат (Украина);

  • «ГЛИТЕЙК» (Тейкопланин), инъекцияға арналған ерітінді дайындауға лиофилизат, 400 мг. Тіркеу куәлігі иесі — Киевмедпрепарат (Украина);

  • «Нименрикс®» менингококк инфекциясына қарсы конъюгатталған вакцина, 0,5 мл/доза. Тіркеу куәлігі иесі — Pfizer Inc. (АҚШ);

  • «Грасулан», модификацияланған босатылу капсулалары, 0,4 мг. Тіркеу куәлігі иесі — Grand Medical Group AG (Швейцария);

  • «Лайленон», үлдірлі қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг және 50 мг. Тіркеу куәлігі иесі — Grand Medical Group AG (Швейцария).

Министрлік мәліметінше, қабылданған шаралар дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фармацевтикалық бақылауды күшейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Тегтер: денсаулық сақтау министрлігіҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz