Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов өңірдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Мәліметке сәйкес, 2026 жылдың қаңтар айында облыста 100-ден астам қызылша жағдайы тіркелген. Ал ақпан айында шамамен 200 жағдай анықталған. Осылайша, жыл басынан бері өңірде 300-ге жуық адам инфекция жұқтырған.

Ауруға шалдыққандардың 77 пайызы – 5 жасқа дейінгі балалар. Мамандар науқастардың 85 пайызы вакцина алмағанын айтады. Оның ішінде 38 пайызы ата-анасының екпеден бас тартуына байланысты егілмеген болса, 30 пайызы екпе жасына әлі жетпеген балалар.

Қызылшаның әрі қарай таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысы қабылданды. Құжатқа сәйкес, бірқатар шұғыл профилактикалық шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Атап айтқанда:

  • 6–11 ай аралығындағы балаларға қосымша вакцинация жүргізу;

  • екпе күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2–5 жас және 7–18 жас аралығындағы балаларды иммундау;

  • екпесі жоқ немесе ол туралы мәліметі жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін вакцинациялау.

Облыста 6–11 айлық 6 мыңнан астам бала екпе алды. Сонымен қатар, қосымша иммундау аясында шамамен 1 мың бала және 336 медицина қызметкері вакцинацияланған.

Балаларды жоспарлы түрде стационарға жатқызу талаптары да қатаңдатылды. Енді жоспарлы госпитализация қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация жүргізілгеніне кемінде 21 күн өткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Медициналық қарсы көрсетілімі бар балалар бұл талаптан босатылады.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде бірқатар талап енгізілген. Атап айтқанда, топтағы балалардың кемінде 90 пайызы екпемен қамтылуы тиіс. Жедел респираторлық ауру немесе қызылша белгілері бар балалар мен қызметкерлерді оқу орнына кіргізбеу үшін «таңғы сүзгі» жүргізіледі.

Қызылша жағдайы тіркелген кезде екпе алмаған балалар уақытша оқу процесінен шеттетіледі. Бұл ұйымдасқан ұжымдардағы инфекция таралуын төмендетуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz