Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Алматы облысы Қарасай ауданында Алғыс айту күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсім аудан әкімдігінде өтіп, оған аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Аудан басшысы жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған 161 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізіп, қоныс тойын атап өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Бұл жолы «Қарлығаш» және «Елтай» тұрғын үй кешендерінен 26 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Пәтер кілтін алған сәттегі тұрғындардың шаттыққа толы жүздері, балалардың қуанышты күлкісі – өңірдегі әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, алдағы кезеңде Отбасы банк тексеруінен өткеннен кейін қосымша 260 пәтер тұрғындарға кезең-кезеңімен табысталмақ. Бұл — Қарасай ауданында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың жүйелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету — халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Аудан басшылығы бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Жаңа қоныс иелеріне береке мен шаттық тілейміз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz