Ведомство мәліметінше, аталған жол учаскесінде рұқсат етілген жылдамдық — 120 шақырым/сағат.
Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.Құзырлы органдардың мәліметінше, жабдықтарды синхрондау және бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, бұл кезең жүргізушілердің бақылаудың жаңа форматына бейімделуі үшін қажет екені атап өтілді.
Полиция өкілдері жаңа жүйенің басты мақсаты жүргізушілерді жазалау емес екенін мәлімдеді.
«Бұл жүйе жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін енгізілді. Орташа жылдамдықты бақылау камералар арасындағы жылдамдықты күрт арттыру деректерін азайтып, жолда тұрақты тәртіп қалыптастыруға мүмкіндік береді. Негізгі мақсат — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апат санын азайту және адам өмірін сақтау. Жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі жолдың белгілі бір бөлігіндегі көліктің қозғалыс уақытын есептеу арқылы жалпы жылдамдықты анықтайды.




