Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты елдің тұрақты дамуының басты бағыты екенін атап өтті.
«Әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтады», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жобалардың бірі және еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың қатарында. Бүгінде орталықта 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы айтылып, облыс басшысы әр азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Шара ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасумен қорытындыланды.




