Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қан тапсыру – адам өмірін құтқарудың игі жолы

2026 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі-нің Алматы облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Еріктілер кеңесінің жоспары аясында қан тапсыру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
17.02.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қайырымдылыққа бағытталған шара Қонаев қалалық ауруханасы базасында өтті.

Қайырымдылық пен адамгершілік – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Осы бағытта өткізілген донорлық акция кезекті рет көпшіліктің қолдауына ие болды. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, мекеме қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысып, ерікті түрде қан тапсырды.

Қан – адам ағзасының тіршілік көзі. Оны мұқтаж жандарға ерікті түрде тапсыру – шынайы жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және жоғары адамгершіліктің айқын көрінісі. Бүгінде донорлық қанға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Жол-көлік оқиғалары, күрделі операциялар, босану кезіндегі асқынулар мен түрлі ауыр сырқаттар қан қорының тұрақты толықтырылуын талап етеді.

Мамандардың айтуынша, бір донор тапсырған қан бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қан тапсыру рәсімі толықтай қауіпсіз және арнайы медициналық бақылаумен жүргізіледі. Донор болуға ниетті азамат алдымен медициналық тексеруден өтеді.

Сонымен қатар, тұрақты түрде қан тапсыру донордың өз денсаулығына да оң әсер етеді. Бұл қан айналымын жақсартып, ағзаның жаңару процесін белсендіреді. Ең бастысы – әр адам өз ісі арқылы біреудің өміріне үміт сыйлай алатынын сезінеді.

Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан қан тапсыру – тек медициналық шара ғана емес, ол үлкен жүректің және биік адамгершіліктің көрінісі. Қайырымдылық сөзбен емес, іспен дәлелденеді. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірім мен жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға негіз болады.

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz