Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үкімет атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігі мен қадағалау шараларын күшейтуде: 288 млрд теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды

Мөлдір Иманмади
10.02.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар түрлі әлеуметтік төлемдердің көптігі мен бірізді жүйенің болмауы және тиімді бақылаудың жоқтығы шығындардың негізсіз өсуіне ықпал еткені айтылды. Бұл өз кезегінде бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына және кей жағдайларда жымқырылуына алып келді

Атқарылған жұмыстардың арқасында соңғы екі жылдың өзінде шамамен 288 млрд теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды. Сіздің Turkistan газетіне берген сұхбатыңызда және Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылғандай, бүкіл сала реформалауды қажет етеді. Осы орайда келесі шаралар қабылдануда:
әлеуметтік көмек түрлерін біріктіру және бірізді жүйеге келтіру процесі жүргізілуде;
?білім беру қызметтері цифрландырылуда. Бұл нысандарды салудан бастап жан басына сәйкес қаржыландыруға дейін барлық кезеңді қамтиды;
?әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы қайта қаралуда , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Тәсілдерді қайта қарау көші-қон саясатына да әсер етті. Көші-қон заңнамасы мен иммигранттардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау тетіктерінің осалдығы да масылдық пиғыл туғызып отырғаны атап өтілді. Биылдан бастап жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары іріктеліп, жұмыс күші тапшы өңірлерге баратын азаматтарға ғана беріле бастады

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы мемлекеттік саясаттың трансформациясы мемлекеттік бюджеттен шамамен 18 трлн теңге бөлінетін салаларда тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Үкімет “шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек” қағидатын қатаң ұстанады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Тегтер: олжас бектеновҮкіметтің кеңейтілген отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz