Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлау ісі: екі тергеуші сотқа тартылды

Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында орын алған адам өлімі мен бала ұрлау оқиғасы бойынша әрекетсіздік көрсеткен екі тергеуші сотқа тартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Асылбек Әбдіраимовтың айтуынша, тергеушілердің әрекетсіздігі ауыр қылмысқа, соның ішінде екі жастағы қыздың ұрлануына және адам өліміне себеп болған.

«Екі тергеуші қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, әрекетсіздік көрсеткені үшін айыпталды. Тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлік, 3-тармақ (“қызметтік өкілетін асыра пайдалану, ауыр зардапқа әкеп соққан”) және 370-бап, 4-бөлік, 1-тармақ (“қызметтегі әрекетсіздік, ауыр зардапқа әкелген”) бойынша қаралады», — деді Әбдіраимов.

Сонымен қатар, осы іс бойынша учаскелік полиция қызметкерлерінің әрекеттері де сотта қаралуда. Олардың арызды қабылдамай, қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны белгілі болды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болды. Жергілікті көлік жөндеу станциясы қызметкері ауыл тұрғынын зорлап, бір ай бойы оны бопсалап, жалаңаш фотоларын жәбірленушінің әріптестеріне таратқан. Кейін ол әйелдің ағасын көшенің ортасында өлтіріп, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz