Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында автобус паркінің 47 пайызы жаңартылды

2023–2025 жылдар аралығында Алматы облысында қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде өңірде 240 автобустың 113-і жаңартылып, бұл жалпы автобус паркінің 47 пайызын құрады. Тек 2025 жылдың өзінде облыс маршруттарына 36 жаңа автобус шығарылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Аталған шаралар бірнеше жылдан бері тұрғындар үшін өзекті мәселе болып келген жолаушылар тасымалы саласындағы қордаланған проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Жоспарлы жаңғырту басталғанға дейін өңірдегі қоғамдық көлік саласы күрделі жағдайда болған. Автобустардың тозу деңгейінің жоғары болуы және көлік қолжетімділігінің біркелкі еместігі әсіресе ауданаралық бағыттар мен шалғай ауылдық елді мекендерде өткір сезілді.

2023 жылға дейін автобус паркінің соңғы жаңартылуы 2018 жылы жүргізіліп, Қонаев қаласында небәрі 11 автобус сатып алынған. Бұл қарқынды дамып келе жатқан, аумағы кең Алматы облысының қажеттілігін толық қамтуға мүмкіндік бермеген.

Көп жағдайда қоғамдық көлік тұрғындар үшін елді мекендер арасындағы жалғыз қатынас құралы болып қалды.

2023 жылдан бастап Алматы облысында автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартудың жаңа тетігі іске қосылды.

  • 2023 жылы тасымалдаушылар өз қаражаты есебінен 33 автобус сатып алды;

  • 2024 жылы 44 автобус жаңартылды, оның 27-сі жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы алынған;

  • 2025 жылы тағы 33 автобус жаңартылып, барлығы жеңілдетілген қаржылық құралдар есебінен сатып алынған.

Бұл тәсіл бір реттік сатып алулардан тұрақты әрі жоспарлы жаңғырту моделіне көшуге мүмкіндік берді.

Автобус паркін жаңарту тек техника санын көбейтуді ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуды көздейді.

Жаңа автобустар маршруттардағы іркілістерді азайтып, жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әсіресе қарбалас уақытта қоғамдық көліктің үздіксіз қозғалысы маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2026 жылы тағы 31 автобус жаңарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 11 автобус ағымдағы жылдың қаңтар айында-ақ сатып алынған.

2026 жылғы жоспарларды қалыптастыру кезінде әлеуметтік жүктемесі жоғары маршруттарға және бұған дейін көлік қолжетімділігі бойынша қиындықтар тіркелген бағыттарға басымдық берілмек.

Автобус паркін жаңғырту Алматы облысында жолаушылар тасымалы саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді шешім ретінде қарастырылып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz