Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясы ашылды

Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, телеарнаның жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа телеарна 2025 жылдың қыркүйек айында көрерменге жол тартып, қазіргі таңда Алматы облысының барлық аудан-қалаларын қамти отырып, республикалық деңгейде хабар таратып отыр.

Салтанатты шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, жаңа студиялық кешені мен қазіргі атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды. Өңір басшысы өз сөзінде бұл оқиғаның облыс үшін маңызды әрі тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

«Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы – бұл тек бір медиа алаңның іске қосылуы емес, бұл – қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңа арнаның басты ұстанымы – шынайылық, жауапкершілік және халық мүддесіне адал қызмет болуы керек. Ақпараттық саясатта тепе-теңдік пен кәсібилікті сақтай отырып, көрерменге пайдалы әрі сапалы контент ұсынады деп сенемін», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар цифрландыру дәуірінде «Qonaev Media» телеарнасы «Digital Sana» жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздеп отыр. Арна отандық медиа кеңістіктегі жаңашыл әрі заманауи бағыттағы телеарналардың қатарына қосылуды мақсат етеді.

Өз кезегінде телеарнаның бас директоры Қымбат Хангельдина облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғысын білдіріп, өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

«Облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіремін. Ұжым мүшелері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облысымыздың оң имиджін қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар телеарна ұжымы сапалы әрі заманауи телевизиялық өнім әзірлеуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысты жалғастыруға ниетті», – деді арна директоры.

Айта кетейік, «Qonaev Media» телеарнасы эфирлік және кабельдік желілер арқылы, сондай-ақ Smart TV мен онлайн платформаларда хабар таратып, өңір тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы контент ұсынуға толық мүмкіндікке ие.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz