Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында жүргізген кешенді талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін пайдалану арқылы заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Атап айтқанда, Қарасай ауданында ауыл шаруашылығына арналған жалпы ауданы 5 гектар болатын жерлердің нысаналы мақсаты әкімдіктің жалған шешімдері негізінде заңсыз өзгертілгені белгілі болды. Кейін аталған аумақ 83 жеке жер учаскесіне бөлінген.

Прокуратураның талабымен Қарасай аудандық сотының шешімі арқылы жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдері заңсыз деп танылып, күші жойылды. Нәтижесінде мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Осыған ұқсас жағдай Іле ауданында да тіркелген. Онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімі жалған болып шыққан.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сот шешімімен аталған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталған фактілер бойынша прокуратураның үйлестіруімен полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау және өткізу) бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін еске салды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz