Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Ит талап, бір аяғынан айырылған Атбасар тұрғынына иттің иелері 5 млн теңге төлейді

Атбасар аудандық сотының шешімімен ит талап аяғынан айырылған әйелге ит иелері 5 млн теңге моральдық шығынды өтейтін болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

20.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Атбасар қаласында жұмысқа бара жатқан жергілікті тұрғынға алабай тұқымды ит шабуыл жасаған. Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зиян келгені анықталды.

Атбасар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері иттің иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, айыппұл салды.

«Зардап шеккен әйел стационарлық ем қабылдады, оны одан әрі емдеу және аяғын протездеу қажет. Емдеу барысында әйел мүгедектер арбасын, дәрі-дәрмек және өзге қажетті заттарды сатып алу үшін көп қаржы жұмсады, сонымен бірге, ол жалпы еңбекке қабілетін жоғалтты, сол жақ аяғын тізесіне дейін ампутациялады», — деді ведомстводан.

Анықталғандай ит иелері Ч. мен Г-нің итке құжаттары жоқ. Алты жастағы азиялық тұқымды ит Ч-ға тиесілі. Алайда, азаматтар Ч. мен Г-ның жауапкершілігі ортақ, өйткені ит олардың бірлесіп өмір сүру кезеңінде сатып алынған, олар оған бірлесіп күтім жасаған.

«Атбасар аудандық сотының шешімімен зардап шеккен әйелдің денсаулығына келген залалды өтеу және моральдық зиянды өндіру туралы ит иелеріне қатысты талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот зардап шеккен әйелдің пайдасына 357 914 теңге сомасындағы материалдық залалды, 85 131 теңге мөлшерінде айырылған жалақыны, 5 000 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өтеуді және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығынды ит иелері Ч. мен Г-дан бірлесіп өндіріп алды», — деп толықтырды ведомстводан.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында 8 жастағы қызды ит талаған еді.

Тегтер: итсот шешімі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz