Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2025 жылы 72 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыстар жүргізілді. Өңірде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының Еңбек ұтқырлығы орталығы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 72 541 жұмыс орны құрылды. Оның 58 528-і тұрақты, ал 14 013-і уақытша жұмыс орындары. Сонымен қатар, ұлттық жобалар аясында 3 363 жаңа жұмыс орны ашылған.

Жұмыссыз азаматтарды нақты еңбек нарығына тартуға да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы 22 099 адам тұрақты бос жұмыс орындарына орналастырылды. Бұл көрсеткіш өңірдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті.

Сондай-ақ жұмыспен қамтуды субсидиялау бағдарламалары арқылы 12 256 жұмыссыз азамат еңбекке тартылды. Атап айтқанда:

  • 544 адам әлеуметтік кәсіпорындарға,

  • 918 адам жастар практикасына,

  • 7 686 адам қоғамдық-пайдалы жұмыстарға,

  • 570 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына,

  • 1 517 адам «Күміс жас» бағдарламасына,

  • 38 адам «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жолданды.

Еңбек нарығының талаптарына бейімдеу және кадр даярлау мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да іске асырылды. Оқу 6 колледжде және 10 оқу орталығында ұйымдастырылып, 707 жұмыссыз азаматты қамтыды. Оқуды аяқтаған 527 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі — қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. 2025 жылы жаңа кәсіп бастау және дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 260 мемлекеттік грант берілді. Бұл қолдау шаралары азаматтарға өз ісін ашып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар Алматы облысында жұмыспен қамту саясатының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын және өңірдегі еңбек нарығының тұрақтануына оң ықпал етіп отырғанын көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz