Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу рәсімі өтеді

2026 жылғы 18 және 19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі «Құдайға шоқыну» мерекесіне арналған суға шомылу шаралары өтеді. Өңірде барлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, рәсімді өткізуге арналған 21 стационарлық орын анықталып, келісілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Крещение рәсімі өтетін орындар: Қонаев қаласында – 1, Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 2. Барлық алаңдар қатысушыларға ыңғайлы кіріп-шығу жолдарымен, баспалдақтармен, жарықтандырумен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.

Рәсім өтетін орындарда полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері және медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Іс-шараларды үйлестіруді Алматы облысының Дін істері басқармасы мен аудандық және қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.

«Крещение рәсімі барлық ниет білдірушілер үшін ашық. Сонымен қатар қатысушылар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы, ауа райы жағдайын, өз денсаулығын ескеруі және суға түсуге алдын ала дайындалуы қажет. Крещение рәсімі – ең алдымен рухани дәстүр, сондықтан оған қатысу саналы әрі жауапты болуы тиіс», – деп атап өтті Алматы облысының Дін істері басқармасы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz