Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Заң және тәртіп» жобасы аясында қылмыстық құқықбұзушылықтар алты есе азайды

Алматы облысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» жобасы оң нәтижелер көрсетіп отыр. Жоба аясында қылмыстық құқықбұзушылықтар саны алты есе азайған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жоба шеңберінде өңірдегі 10 мектеп пен 3 колледжде құқық қорғау органдарында қызмет еткен тәжірибелі мамандардың қатысуымен шамамен 9 мыңға жуық сабақ өткізілген. Сонымен қатар 400-ге жуық оқушымен жеке профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар буллингтің, зорлық-зомбылықтың және түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, оқыту барысында нақты өмірлік жағдайларды талдауға басымдық берілген. Мұндай формат оқушылар мен педагогтердің белсенділігін арттырып, оқу процесінің тиімділігін күшейткен. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері бойынша жүргізілген анонимді тестілеу нәтижесінде қатысушылардың 90 пайыздан астамы материалды жоғары деңгейде меңгергені анықталған.

Оқу жылының I және II тоқсандарының қорытындысы бойынша құқықбұзушылықтардың азаюы бойынша тұрақты оң динамика тіркелді. Қылмыстық құқықбұзушылықтар саны алты есе қысқарса, әкімшілік құқықбұзушылықтар 29,5 пайызға азайған. Сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылар саны алты есе қысқарып, мектепішілік есептегі балалар саны 30 пайызға төмендеген.

Оқу-ағарту саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап балалар құқықтарының бұзылу көрсеткіші жоғары білім беру ұйымдарында жобаны кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаны республикалық деңгейде енгізу үшін кешенді талдау жүргізіліп, білім беру ұйымдарының тізімі қалыптастырылуда.

Айта кетейік, пилоттық жоба аясындағы сабақтар екі аптада бір рет өткізіледі. Әдістеме оқушылардың құқықтық білім деңгейін анықтауға арналған бастапқы және қорытынды диагностиканы, сондай-ақ жастар ортасындағы тәуекелдерді ерте анықтау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізуді қамтиды.


Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz