Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шикізаттық емес экспортқа серпін: Алматы облысында жаңа өндіріс желілері іске қосылады

Алматы облысында Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі тапсырмалары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі — Маревен Фуд Тянь-Шань ЖШС зауыты. Жылдық өндірістік қуаттылығы 159 мың тоннаны құрайтын кәсіпорын бүгінге дейін экономикаға 35 млрд теңге көлемінде инвестиция салған.

Компания ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, жаһандық жеткізу тізбектеріне табысты кірігіп отыр. Қазіргі таңда өнімнің шамамен 40%-ы Орталық Азия елдері мен Еуропа нарығына экспортталады.

Кәсіпорында өндіріс ауқымын кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2026 жылы құны 4,5 млрд теңге болатын жаңа өндірістік желіні іске қосу көзделген. Бұл жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал 2027 жылға қарай инвестиция көлемі 20 млрд теңгені құрайтын үшінші кезеңнің құрылысы жоспарланған. Оның нәтижесінде тағы 200 адам жұмыспен қамтылмақ. Компания мәліметінше, қазіргі уақытта қызметкерлердің 99%-ын Қазақстан азаматтары құрайды.

Мамандардың айтуынша, аталған жобалар өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуға, экспорт көлемін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz