Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Педагогикалық идеялар фестивалі – 2026»: Алматы облысының ұстаздары үздіктер қатарында

2026 жылдың 8–9 қаңтар күндері Алматы облысында Сүлеймен Демирель университетінің базасында «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2026» республикалық конкурсы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Республикалық деңгейде өткен фестивальге Алматы облысынан 11 педагог қатысып, жүлделі орындар мен арнайы марапаттарға ие болды. Қазылар алқасы ұстаздардың кәсіби шеберлігіне, шығармашылық идеялары мен заманауи педагогикалық тәсілдеріне жоғары баға берді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Байқау қорытындысы бойынша:

  • Тоқтарова Толғанай Оңғарқызы (Жамбыл ауданы, Мыңбаев орта мектебі) — дефектология және инклюзивті оқыту бағыты бойынша І орын;

  • Жуматова Майра Сүндетбаевна («Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі» КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша ІІ орын;

  • Сұлтан Нұрғазы Сұнгатұлы (Балқаш ауданы, Бақанас мектеп-интернаты, математика пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша ІІІ орын;

  • Ержан Айганым (Еңбекшіқазақ ауданы, «Азат негізгі орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы) — «Сабақ аяқталған соң» бағыты бойынша ІІІ орын;

  • Маркабаева Жанар Мейргазина (Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі, тарих пәні мұғалімі) — ІІІ орын.

Арнайы марапаттар

Фестиваль аясында бірқатар педагогтерге грамота мен мақтау қағаздары табысталды.
Грамота иегерлері қатарында:

  • Темербаев Ерлан Иргебаевич (Алатау қаласы, Жаңаталап ықшам ауданы, №10 орта мектеп, география пәні мұғалімі) — «Шеберлік палитрасы» бағыты;

  • Жусы Самира Амантайқызы (Талғар ауданы, №29 орта мектеп, педагог-психолог);

  • Қабылбек Күлшаш (Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейі, биология пәні мұғалімі) — мақтау қағазы.

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайды.

«Педагогикалық идеялар фестивалі жаңашыл ұстаздарды қолдайтын, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң», — деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, байқау Сүлеймен Демирель университеті базасында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтердің басын қосты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz