Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында 5571 әскери бөлімінің оқу полигонында жауынгерлік даярлық жоспары аясында болған.
Ведомство дерегінше, жоспарлы атыс жаттығулары кезінде 2-2025 әскерге шақырудың мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан АК-74 автоматынан сол аяғынан жарақат алған.
«Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасы-на жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдар зақымдалмаған», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталды.





