Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді

Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін жағымды жаңалық. Биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында бірқатар өзгеріс күшіне енді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Соның нәтижесінде жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін 1,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр

Былтыр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыру жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлеу қажеттігін атап өткен болатын. Президент тапсырмасынан кейін МӘМС жүйесі аясында тиісті заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Заңдағы жаңашылдықтардың арқасында 2026 жылы елімізде 1 миллионға жуық адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап МӘМС жүйесіне әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) 11 нозологияны қамтитын жаңартылған тізбесі енгізілді. Соған қарамастан, медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлемі бұрынғыдай сақталады.

18 жасқа толғаннан кейін де мемлекет мүгедектігі бар азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады. Сондай-ақ жұмыссыз және әлеуметтік осал азаматтар — МӘМС жүйесіндегі D және E санаттары толықтай сақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов өңірде бұл бағытта қомақты қаражат қарастырылғанын айтты.

«Диспансерлік есепте тұрған осы санаттағы азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін облыста 2,6 млрд теңге бөлінді. Қосымша түрде жұмыссыз азаматтар үшін 1,2 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді ол.

Мамандардың айтуынша, диагностика, консультациялар, емдеу және оңалту қызметтері қысқартылмайды әрі тоқтатылмайды. Барлық медициналық қызметтер МӘМС жүйесі аясында толық көлемде көрсетіле береді.

Халықты сақтандыру жүйесімен қамтуды оңтайландыру мақсатында жарналар мен аударымдардың ең жоғарғы шегі де өзгертілді. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайтын табыстан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев өңірдегі нақты көрсеткіштерге тоқталды.

«Бүгінде Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 645 171 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде “сақтандырылған” мәртебесі бар азаматтар саны 1 343 718 адамды құрайды», – деді ол.

Ал Қарасай ауданы бойынша МӘМС жүйесінің жауапты координаторы *Гүлнара Жайсанбаева*ның айтуынша, бір ғана ауданда 309 557 адам сақтандыру мәртебесіне ие.

«2025 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде Қарасай ауданында 10 089 азамат МӘМС жүйесіне тіркелді», – дейді ол.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістерді халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында медициналық ұйымдардың call-орталықтарының жұмысы күшейтілді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz