Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы ауысты

Алматы облысы әкімі міндетін атқарушының өкімімен Нұрлан Өмірханұлы Өмірханов 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Нұрлан Өмірханұлы 1985 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Базис» жобалау институтында II санаттағы сумен жабдықтау және су бұру инженері қызметінен бастаған. Кейін әр жылдары «Ай-Бек строй» ЖШС-нің бас инженері, «Алматы Су Холдингі» МКК-нің шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Су Желісі» мекемесінде диспетчерлік қызметтің ауысым инженері және II санаттағы инженер, Алматы қаласы құрылыс басқармасының статистигі, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ «Томи» жеке кәсіпкерлігінде құрылыс учаскесінің бастығы, «Асу Строй ЛТД» ЖШС-де инженерлік желілер құрылысы учаскесінің бастығы – техникалық директоры болған.

2025 жылғы сәуір айынан бастап Нұрлан Өмірханов Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарып келген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz