Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ekin-Patrol жүйесі: Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілді

Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін Ekin-Patrol жүйесі кеңінен қолданылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Полиция мәліметінше, өңір жолдарында аталған жүйемен жабдықталған патрульдік автокөліктер қызмет атқарып жүр. Ekin-Patrol жүйесі толықтай автоматты режимде жұмыс істейді және полиция қызметкерінің тікелей қатысуын қажет етпейді. Ол жол қозғалысы ережелерінің түрлі бұзушылықтарын тіркеп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде таниды. Сонымен қатар дерекқорлар арқылы көліктің қарызы, тыйым салынуы немесе іздеуде болуы секілді мәліметтерді тексереді.

Аталған жүйе құқықбұзушылықтарды қарсы бағытта да, бір бағытта да қозғалып келе жатқан көліктерден тіркей алады. Қазіргі таңда Алматы облысының жолдарында жасырын патрульдерді қоса алғанда, 23 патрульдік автокөлік жұмылдырылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл көліктердің негізгі міндеті — жол қозғалысы ережелерінің өрескел әрі жүйелі түрде бұзылуын анықтау, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Жыл басынан бері өңірде Ekin-Patrol жүйесі орнатылған патрульдік автокөліктердің көмегімен 46 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілген.

Алматы облысы полиция департаменті өкілдері аталған шаралар тек жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталғанын атап өтті. Ведомство жүргізушілерді жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz