Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы аумағында полиция қызметкерлері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған мал ұрлығының бірнеше дерегін ашты. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер малды заңсыз атып, кейін етін бөлшектеп, қылмысты жасыру мақсатында әкетуге әрекет жасаған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттердің жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды. Тінту кезінде Ақши ауылындағы үйлердің бірінен аңшылық қару мен бөлшектелген жылқы еті табылып, тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық істің материалдарына тіркеліп, тәркіленген ет заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің жедел әрі нәтижелі жұмысына ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау органдарына алғыс айтты.

Қазіргі таңда қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz