Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЖЗҚ-дан алынатын зейнетақыға салық салынбайды: жаңа Салық кодексі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.01.2026
Жаңалықтар

Бұл норма зейнет жасына байланысты төлемдерге де, тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында алынатын біржолғы зейнетақы төлемдеріне де қатысты.

Алайда бұл жеңілдік Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайтын азаматтардың зейнетақы жинақтарына қолданылмайды.

Еске салайық, бұған дейін БЖЗҚ-дан төленетін барлық зейнетақы төлемдері табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы ұсталып келген. Оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де салық салынатын табыс санатына кірген.

Енді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрінен, соның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен де жеке табыс салығы ұсталмайды.

Сонымен қатар бұған дейін зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде салық төлеуді кейінге қалдырған азаматтар үшін де маңызды өзгеріс бар. Жаңа талаптарға сәйкес, олардың кейінге қалдырылған жеке табыс салығы толықтай жойылады.

Бұл өзгерістер азаматтардың зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалануға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.

Тегтер: зейнетақы қорықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz