Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қоғамдық көлік саны артты: жаңа маршруттар ашылып, тарифтер бекітілді

Қонаев қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жыл сайын жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қаладағы қоғамдық көлік паркі толық жаңартылып, Қонаев пен маңайдағы ауылдар арасында қатынайтын жаңа бағыттар ашылды. Бұған дейін қалада 9 маршрут бойынша 28 автобус қызмет көрсетсе, бүгінде тағы бір маршрут іске қосылып, 5 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді.

Жаңа бағыттағы автобустар Қонаев қаласы мен Кербұлақ, Ақөзек ауылдары арасында қатынайды. Ал қалған төрт автобус қалаішілік маршруттарға бөлінген. Қазіргі таңда тұрғындарға барлығы 33 автобус қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде 6 бағыт – қалаішілік, ал 5 маршрут елдімекендерге қатынайды.

Былтыр Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар тұрақты жолаушылар тасымалына арналған сараланған тарифтер бекітілді. Атап айтқанда:

– қалалық қоғамдық көлікте электрондық билет жүйесі немесе ұялы байланыс операторы арқылы төлем жасаған жағдайда жол жүру ақысы 120 теңге, қолма-қол төлем кезінде – 200 теңге;
– Қонаев – Заречный, Қонаев – Арна бағыттарында электрондық төлем – 150 теңге, қолма-қол – 300 теңге;
– Қонаев – Қосқұдық, Қонаев – Шеңгелді бағыттарында электрондық төлем – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге;
– Қонаев – Сарыбұлақ, Қонаев – Кербұлақ, Ақөзек бағыттарында электрондық төлем – 200 теңге, қолма-қол – 500 теңге.

Сонымен қатар жолаушылардың әлеуметтік осал санаттарына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, студенттер, мектеп оқушылары мен зейнеткерлер үшін жол жүру ақысына 50 пайыздық жеңілдік бар. Ал көпбалалы аналар, I–II–III топтағы мүгедектігі бар азаматтар, 18 жасқа дейінгі ерекше балалар және оларды алып жүретін адамдар қоғамдық көлікте тегін қатынай алады.

Қаладағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында былтыр 16 жаңа аялдама пайдалануға берілді. Жаздық және қыстық үлгідегі аялдамалар толық цифрландырылып, бейнебақылау камераларымен, бағыттар көрсетілген ақпараттық экрандармен және ауа желдеткіш жүйесімен жабдықталған.

Айта кетейік, Қонаев қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz