Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа жыл түні 17 сәби дүниеге келді

2025 жылғы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Алматы облысының медициналық ұйымдарында 17 нәресте өмірге келді. Оның ішінде 12 ұл бала және 5 қыз бала бар, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.01.2026
Аймақ

Медициналық мекемелердің мәліметінше, барлық босанулар жоспарлы түрде өтіп, төтенше жағдайлар тіркелмеген. Аналар мен жаңа туған сәбилерге тәулік бойы белгіленген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Салыстырмалы түрде алғанда, өткен жылдың жаңа жыл түні өңірде 11 сәби дүниеге келген болатын. Биыл бұл көрсеткіш 6 балаға артты. Мамандардың айтуынша, бұл Алматы облысында туу көрсеткішінің оң динамикасын көрсетеді.

Мереке күндері облыстағы босану үйлері мен перинаталдық орталықтар күшейтілген режимде жұмыс істеді. Медициналық персоналдың кезекшілігі толық көлемде ұйымдастырылып, босанушы әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге уақытылы әрі сапалы көмек көрсету қамтамасыз етілді.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала денсаулығын қорғау өңір үшін басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қауіпсіз босану мен босанғаннан кейінгі күтімге барлық қажетті жағдай жасалған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz