Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері: Қарапайым жұмыстан үздік жас өндіріс қызметкеріне дейін

Мен үшін «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша І орын алып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл жетістік тек жеке еңбегімнің емес, адал еңбекті өмірлік ұстаным еткен барша жұмысшы мамандардың маңдай теріне көрсетілген құрмет деп білемін, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Менің еңбек жолым Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «БЕНТ» ЖШС зауыт асханасында көмекші болып бастаған қарапайым қызметтен өрбіді. Кейін шпал цехында металл қалыптарды тазалау және майлау жұмыстарын атқарып, өндірістің жауапты процесіне араластым. Уақыт өте келе кран машинистерін оқыту секілді маңызды міндеттер сеніп тапсырылды. Осы кезеңнен бастап өз ісіме бар күш-жігерімді арнап, таңдаған салада табанды еңбек етіп келемін.

Бүгінде кәсіби біліктілігімді арттыру – басты мақсатым. Күн сайын тәжірибемді толықтырып, 10–15 жылдық еңбек өтілі бар әріптестерімнің ақыл-кеңесін үлгі тұтамын. Өндірістегі әрбір күнім – мен үшін шыңдалу мен өсу мектебі.

Мен үлкен әрі тату отбасында тәрбиелендім. Ата-анам, ата-әжем және бауырларыммен бір шаңырақ астында өсіп, еңбекқорлық пен жауапкершілікті бала кезден бойыма сіңірдім. Отбасым – менің басты тірегім, еңбектегі күш-қуатымның қайнар көзі. Қазір екі әпкем өз отбасын құрған.

Бос уақытымда таза ауада серуендеп, күнделікті еңбектен сергіп, жаңа күш жинауға тырысамын. Бұл маған алдағы мақсаттарыма сеніммен қадам басуға көмектеседі.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қарапайым еңбек адамдарының еңбегі ел көлемінде лайықты бағаланып жатқанына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда еңбек адамына айрықша мән беріп, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған бастамалары үшін Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін.

Еңбекке көрсетілген құрмет – ел болашағына салынған берік негіз деп есептеймін.

Дильфуза Бауыржанқызы

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz