Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта бас шыршаның шамы жағылды: мерекеге 15 мыңнан астам адам жиналды

Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қаланың бас шыршасының шамын жағу рәсіміне биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерекелік кеш балаларға арналған ертегілік қойылыммен басталып, алаңға жиналған кішкентай көрермендерге шаттық пен қуаныш сыйлады. Сахнада өнер көрсеткен ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар балалардың көңілін көтеріп, мерекенің жылы әрі қуанышты атмосферасын қалыптастырды.

Жиналған көпшілікті Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құттықтап, қала дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға алғысын білдірді.

«Баршаңызды жаңа жылдық шыршаның шамын жағу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл қаламыз үшін бірлескен жемісті еңбектің кезеңі болды. Осы уақыт ішінде Қонаевты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асты. Барша тұрғындарға ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс айтамын. Алдағы Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамалар әкелсін!» – деді қала әкімі.

Салтанатты сәтте шаһар басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, мерекеге жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Осы мезетте аспанды жарқырата отшашу атылып, кештің сәнін аша түсті.

Кеш барысында сахнада жергілікті өнерпаздармен қатар танымал әншілер – Сырым Исабаев, Дана Кентай және Atlantis Live Band өнер көрсетті. Балалар аниматорлармен бірге ойын ойнап, түрлі қызықты бағдарламаларға қатысып, мерекенің думанына бөленді.

Мерекелік алаңда жарқыраған шамдармен безендірілген шыршалар, әсем аркалар мен түрлі инсталляциялар орнатылып, тұрғындар естелік суретке түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жаңа жылдық шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз қысқы ертегіге айналды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz