Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының делегациясы Түркияда мыс өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Алматы облысының делегациясы Түркия Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Конья қаласында орналасқан Eti Bakır A.Ş. компаниясының мыс өңдеу зауытын аралады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сапардың негізгі мақсаты – кәсіпорынның өндірістік әлеуетін бағалау және тау-кен металлургиясы саласындағы озық тәжірибемен танысу.

Eti Bakır A.Ş. – Cengiz Holding құрамына кіретін Түркияның жетекші металлургиялық компанияларының бірі. Компания мыс шикізатын барлау мен өндіруден бастап, оны байыту және дайын металл күйінде шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асырады. Өндіріс нысандары Түркияның бірнеше өңірінде орналасқан, ал өнімдері ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылады.

Зауытты аралау барысында өндірісті өзара сабақтастыра ұйымдастыру және энергиямен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпорынның жеке энергетикалық қуат көздеріне сүйенуі өндірістік шығындарды азайтып, өндіріс көлемі артқан жағдайда да жұмыс тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Компанияның тәжірибесі Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, шикізатты терең өңдеу және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бағыттарында маңызды үлгі ретінде қарастырылуда. Делегация өкілдерінің айтуынша, мұндай жұмыс сапарлары іскерлік байланыстарды нығайтып, өңірдің халықаралық әріптестігін дамытуға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz