Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында БАКАД-қа шығатын жолдар кеңейтіледі

Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкім бұл шешімді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында түсіндірді. Оның айтуынша, агломерация ішіндегі көлік байланысын жақсарту мақсатында Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жаңа жолайырықтар салу жоспарланған.

«Осыған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтар салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен көлік байланысы жеделдеп, агломерацияның өзара ықпалдастығы күшейеді», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар Дархан Сатыбалды қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, БРТ (жылдам автобус бағыты) желісін кеңейту көзделіп отыр.

«Үш жаңа автобус паркін салу жұмыстары басталды. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен демалысын қамтамасыз ету үшін 20 тұрақ-айналу алаңы салынады. Сондай-ақ көлікке ауысып мінуге арналған үш торап құрылып, олар қала мен қала маңын байланыстыратын ыңғайлы ауысу нүктелеріне айналады», – деді ол.

Әкімнің мәліметінше, қалада бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылған. Атап айтқанда, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға беріліп, Абай даңғылы ұзартылып, көлік қозғалысы ашылған. Сонымен қатар 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынған, ал 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілген.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz