Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 2025 жылы 150 шақырымнан астам жол жөнделді

Алматы облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жоспарлы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жобалар іске асырылған.

Биыл облыста жалпы ұзындығы 185,3 шақырым жолда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 154 шақырымы, яғни жоспардың 83 пайызы орындалды. Атап айтқанда, 9 жоба аясында 154 шақырым жолда орташа жөндеу жүргізіліп, оның 130,4 шақырымы немесе 85 пайызы толық аяқталған. Сонымен қатар 3 жоба бойынша 31,3 шақырым жолға күрделі жөндеу көзделіп, оның 23,6 шақырымы пайдалануға берілді.

Инфрақұрылымды кешенді дамыту мақсатында облыста екі көпірге күрделі жөндеу және ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау үшін үш автоматтандырылған салмақтық бақылау станциясын орнату жоспарланған. Ұйғыр ауданындағы «Көкпек–Қалжат–Кіші Дехан» автожолында су өткізу құбырларын күрделі жөндеу аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Ал Қарасай ауданында Қаскелең өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, жобаны аяқтау 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.

Жол жамылғысының тозуын болдырмау үшін салмақтық бақылау жүйесін күшейтуге ерекше назар аударылуда. 2025 жылы Талғар ауданында үш автоматтандырылған станция орнату көзделіп отыр. Айта кетейік, 2024 жылы облыс аумағында осындай екі станция іске қосылған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында облыстық маңызы бар жолдарда 980 жол белгісі орнатылып, 20 ақпараттық панно мен 15 түрлі макет орналастырылды. Сонымен қатар 54 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 800 шақырым жолға жолақ сызбалары салынды. Жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, бөгеттік қоршаулар мен жасанды жол кедергілері орнатылды. Су бұру жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 720 су өткізу құбыры мен 56 көпір өткелі тазартылды.

Қазіргі уақытта көше-жол желісін жөндеу жұмыстары облыстың 9 ауданында және 2 қаласында жүргізілуде. Барлығы 163 нысан, жалпы ұзындығы 638,7 шақырым жол қамтылған. Оның 377,4 шақырымы, яғни 84 пайызы биылғы жылы орындалған.

Жолаушылар тасымалы саласында да оң өзгерістер байқалуда. Облыс аумағында 7 автостанция жұмыс істейді, ал жолаушылар мен жүктерді 24 автокөлік кәсіпорны тасымалдайды. Қазіргі таңда 526 автобус 141 бағытта қызмет көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде қоғамдық көлікпен облыстағы 266 елді мекеннің 223-і, яғни 83,8 пайызы қамтылған.

Автобус паркін жаңарту кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2025 жылы пайдалануға 33 жаңа автобус берілді, олардың басым бөлігі отандық өндірісте шығарылған. Сонымен қатар 49 әлеуметтік маңызы бар бағытты қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, тұрғындарға қолжетімді әрі тұрақты көлік қатынасы қамтамасыз етіліп отыр.

Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар Алматы облысының көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz