Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында А санатты жоғары технологиялық қойма кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды

Алматы облысында логистика саласының қарқынды дамуы бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлік инфрақұрылымды нығайтуға және заманауи тауар айналымы жүйесін қалыптастыруға серпін беріп отыр. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Іле ауданында А санатты жоғары технологиялық қойма кешенінің бірінші кезеңінің іске қосылуы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба аясында жоспарланған 36 мың шаршы метрдің алғашқы 10 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр. Алғашқы резиденттер қойма алаңдарын белсенді қолданып, барлық логистикалық процестер тұрақты режимде жүзеге асырылуда. Жоба алғашқы кезеңнің өзінде экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр, ал екінші және үшінші кезектерді іске асыру алдағы уақытқа жоспарланған.

DSF Trading Co ЖШС-нің бас директоры Нурмат Сөркеловтің айтуынша, кешеннің бірінші кезеңінің толық жүктемемен жұмыс істеуі өңірде заманауи логистикалық инфрақұрылымға деген жоғары сұранысты айқын көрсетеді.

«А санатты қоймаларға деген қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Клиенттерімізге жүктерді сақтаудың және өңдеудің заманауи талаптарға сай жағдайлары ұсынылып отыр. Бұл – өңірдегі сауда мен e-commerce бағытының дамуына қосымша серпін. Алматы облысының әкімдігіне, соның ішінде инженерлік инфрақұрылымды жеткізу мәселелерін шешуде көрсеткен қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреміз», – деді ол.

Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының директоры Ақжол Исақов логистика секторын дамыту өңірдің экономикалық саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Бұл жоба Алматы облысында заманауи логистикалық инфрақұрылымның жоғары сұранысқа ие екенін дәлелдейді. Бірінші кезеңнің іске қосылуы – нарық үшін маңызды сигнал. Мұндай бастамалар сауда, өндіріс және экспорттық операциялардың дамуына берік негіз қалыптастырып, өңірдің ірі логистикалық торап ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді ол.

Жобаның келесі кезеңдерін іске асыру қойма кешенінің қуатын едәуір арттырып, өңірге жаңа резиденттер мен ірі логистикалық операторларды тартуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл бастама қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі және сыртқы сауданы дамытуға, сондай-ақ Алматы облысының елдегі жетекші логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етпек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz