Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар төрт адам ұсталды

Алматы облысында полицейлер шамамен 250 миллион теңге көлемінде залал келтірген ауқымды интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында әрекет еткен қылмыстық топтың күдікті ұйымдастырушысы мен оның үш сыбайласын ұстады.

Полиция мәліметінше, қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы небәрі 19 жаста, ол Алматы облысының тұрғыны. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қылмыстық әрекетке 2023 жылдың қазан айынан бастап тартылған. Алғашында қарапайым дроп ретінде жұмыс істеп, 2024 жылдың маусымынан бастап басқа дропперлердің әрекетін үйлестірген. Ал 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор рөлін атқарып, үш дропперді басқарған.

Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаның атына рәсімделген банк қосымшалары орнатылған 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Тергеу барысында ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.

Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекеттен шамамен 10 миллион теңге, ал оның әрбір сыбайласы 3 миллион теңгеден табыс тапқан.

Сондай-ақ тергеу нұсқасына сәйкес, дропперлердің бірі бастапқыда қарапайым орындаушы болғанымен, кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған. Ол тек қаражатты шешумен шектелмей, басқа дропперлердің банк есепшоттары бұғатталған жағдайда оларды қаржы ұйымдарына бірге апарып, көмектесіп отырған.

Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық күдікті ұсталып, Алматы облысы полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, барлық қатысушы мен олардың әрекеттері толық анықталғаннан кейін банктерге алаяқтық фактілерін тіркеу және келтірілген нақты залал сомасын айқындау үшін санкцияланған сұраулар жолданатын болады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz