Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жастар инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

Алматы облысында соңғы екі жылда жастарға арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Өңірде шығармашылықпен айналысуға, оқуға, спортпен шұғылдануға және түрлі жобалар іске асыруға арналған қолжетімді кеңістіктер саны айтарлықтай артты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстың Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында жаңа форматтағы төрт жастар орталығы пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған бұл орталықтар жастардың бастамаларын қолдап, бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасайды. Мұнда жасөспірімдер мен жас мамандарға шығармашылық үйірмелер, білім беру бағдарламалары, спорттық секциялар мен өзін-өзі дамытуға арналған алаңдар ұсынылған.

Сонымен қатар Қонаев қаласы мен Іле ауданында жастар орталығы қызметін атқаратын бейімделген коворкингтер ашылды. Мұнда жас буын еркін жұмыс істеп, түрлі жобаларды жүзеге асырып, тренингтер мен пікірталас алаңдарына қатыса алады. Мұндай орта жастардың кәсіби және жеке дамуына үлкен серпін береді.

Облыс әкімі аппаратының мәліметінше, жұмыс келесі жылы да жалғасады. 2026 жылы Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында жаңа жастар орталықтары іске қосылмақ. Осылайша өңірдің жастар инфрақұрылымы толығымен жаңарып, қолжетімді кеңістіктер картасы кеңейеді.

Мамандардың айтуынша, жастарға арналған осындай орталықтардың артуы — өңірдің стратегиялық даму жоспарындағы басым бағыттардың бірі. Бұл нысандар жас көшбасшылардың қалыптасуына, олардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz