Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күнінде облыста «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттар табысталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
09.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының ең үлгілі ауылы деп Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылы танылды. Одан кейін екінші орынды Іле ауданының Байкент ауылы және үшінші орынды Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылы иеленді. Аталған аймақтарға арнайы ауыл шаруашылығы техникасы сыйға тартылды.

Бірінші орын иеленген округтің әкімі Дидар Нұрақынов бұл марапаттың ауыл үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.

«Бұл марапат біз үшін үлкен мәртебе. Енді ауылымызды көркейту мақсатында бұрынғыдан да белсенділік танытуға тырысамыз және бар күшімізді салып еңбек етеміз», – деді Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Дидар Нұрақынов.

Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков байқаудың мақсат-міндеттерін түсіндірді.

«Бұл байқау “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасының іс-шарасы аясында жүргізіліп отыр. Байқауға 8 ауданнан 8 ауыл қатысты. Облыстық комиссия шешімі бойынша үш ауыл үздік деп танылды. Ол – Қарасай ауданының Жібек жолы ауылы, Іле ауданының Байкент ауылы және Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылы. Аталған ауылдар ауыл шаруашылығы техникаларымен марапатталды. Арнайы техникалар инфрақұрылым жағдайын жақсартуға үлкен көмек береді деген ойдамын. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдегі ауылдың ішіндегі инфрақұрылым, санитарлық тазалау, адамдардың арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен серпін беру», – деді ол.

Оның айтуынша, жеңімпаздар 16 критерий бойынша бағаланған. Соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы, туризм әлеуеті, өңірдің экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері және экологиялық мәдениеттің дамуы негізгі талаптар ретінде қарастырылған.

Айта кетейік, «Үлгілі ауыл» байқауы биыл Алматы облысында алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы жылдары іс-шара дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

Тегтер: Үлгілі ауыл байқауы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz