Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 200 шақырымнан астам автожол жөнделді

Алматы облысында 200 шақырымнан астам жол жаңартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылы Алматыны ірі қала маңындағы аудандармен байланыстыратын «Құлжа» автожолында орташа жөндеу жүргізілді. 14–43 шақырым аралығындағы учаскеде құрылыс өткен жылдың қыркүйегінде басталып, жуырда аяқталған.

Жол жабыны екі қабат асфальтбетонмен күшейтілді, оның жоғарғы бөлігі полимерленген щебенді-мастикалық асфальттан жасалған. Жаңа жабынның қалыңдығы 12 сантиметрді құрайды. Құрылыс маусымында нысанда 80-нен аса маман және 50-ге жуық арнайы техника жұмыс істеген.

Жөндеу нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті 20 пайызға артып, тәулігіне 45 мың автокөлікке дейін жеткен. Бұл магистраль мегаполисті қала маңындағы 20 ірі елді мекенмен байланыстыратын негізгі инфрақұрылымдық бағыт саналады. Жаңартылған жол Алматы агломерациясы аумағында өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Жергілікті тұрғындар да он жылдан аса жөндеу көрмеген трассаның жаңарғанын оң бағалап отыр.

Алматыға іргелес тағы бір учаскеде – «Алматы — Шамалған — Ұзынағаш» жолының 20–23 шақырымында орташа жөндеу аяқталды. Халық арасында «Жоғарғы трасса» деп танымал бұл бағытпен күн сайын 30 мыңнан астам көлік жүріп өтеді. Жөндеу барысында үш шақырымға созылған тар бөліктер кеңейтіліп, жаңа асфальт төселді. Бұл Алматы қаласының шекарасынан БАКАД-қа дейінгі қозғалыс сапасын едәуір жақсартты. Сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы өзгеріп, жолдың екі жағына тротуарлар салынды.

Орташа жөндеу Уәлиғұр ауданы аумағындағы «Шонжы — Қорғас» автожолында да жүргізілді. 187–230 шақырым аралығындағы 43 шақырымдық бөлік толық жаңартылып, жолдың төменгі қабаттары қалпына келтірілді, екі қабат асфальтбетон төселді. Жұмысқа 120-дан аса маман және 100-ден астам техника қатысқан. Бұл учаске соңғы 30 жылда бірінші рет жаңартылып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, туристер арасында сұранысқа ие «Жалағаш — Саты» автожолының 18–24 шақырымында асфальттау жұмыстары аяқталды. Бұл жол Көлсай мен Қайыңды көлдеріне апаратын негізгі бағыт болып табылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz