Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк ашылды

Алматы облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында және Құлжа тасжолына жақын орналасқан жаңа Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Нысан өңірдің «Шығыс қақпасы» инфрақұрылымдық аймағына кіріп, Алматы мен облыстың кеңістіктік дамуындағы маңызды логистикалық хаб болмақ.

Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, сондай-ақ логистика және девелопмент саласының жетекші компаниялары қатысты.

Жобаға салынған инвестиция көлемі – 22 млрд теңге. Бірінші кезеңде «А» санатындағы 50,3 мың шаршы метр заманауи екі қойма корпусы іске қосылды. 12 метр төбе биіктігі, шаршы метріне 8 тонна жүк көтеретін еден және халықаралық өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жабдықталған жүйелер қойманы жоғары класты инфрақұрылымға айналдырады. Парк толық қуатында 2026 жылы жұмыс істей бастайды, онда 250 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Географиялық орналасуы – Алматы қаласы, ҮАААЖ, халықаралық әуежай және ірі көлік магистральдарына жақын болуы – парктің Орталық Азиядағы ірі дистрибуция орталығына айналуына мүмкіндік береді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа нысанның елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті:

«Бұл логистикалық парк – халықаралық сауда ағындарын тиімді басқаруға, транзиттік әлеуетімізді күшейтуге бағытталған маңызды жоба. “А” санатындағы қоймалардың іске қосылуы – облыс экономикасының тұрақты дамуы мен инвесторлардың жоғары сенімінің айқын дәлелі».

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бірінші вице-министрі Айжан Бижанова:

«Бұл парк Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануын күшейтеді. Ауқымды инфрақұрылым отандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады және еліміздің Еуразиядағы сауда хабы ретіндегі орнын нығайтады», – деді.

Парк директоры Роман Жужлев техникалық көрсеткіштерді таныстырып:

«14 гектарда 50 мың шаршы метрлік ‘А’ санатындағы қойма салынды. 12 метр төбе биіктігі мен 8 тоннаға дейінгі еден жүк көтерімділігі кез келген стеллаж немесе көпдеңгейлі сақтау жүйесін орнатуға мүмкіндік береді», – деді.

Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков жоба аудан экономикасына серпін беретінін айтты.

Электронды сауданың қарқынды өсуі қойма инфрақұрылымына деген сұранысты арттырып отыр. 2024 жылы e-commerce үлесі бөлшек сауданың 14,5%-ын құрады – бұл 2021 жылмен салыстырғанда алты есе артық.

Ozon, DNS компанияларының өкілдері де заманауи қойма жүйелерінің онлайн-сауда тиімділігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Инвесторлар паркті Құлжа бағыты бойынша кеңейтіп, 300 мың шаршы метрге дейін қосымша қойма алаңын салуды жоспарлап отыр. Sudakov Group бас директоры Алексей Судаков функционалды қойма нысандарына сұраныс тұрақты түрде артып келе жатқанын айтты.

Салтанатты шарада NOYTECH және «Еуразиялық логистикалық парк» арасында стратегиялық серіктестік туралы келісім жасалды.
NOYTECH Қазақстан директоры Валерия Кошелева жаңа нысан жоғары технологиялық сервистерді дамытуға жол ашатынын жеткізді.

Жаңа Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк – қойма кешені ғана емес, Қазақстанның Еуразиядағы маңызды логистикалық хабына айналуына негіз қалайтын стратегиялық жоба. Нысан халықаралық сауда, транзит және инвестициялық ықпалдастық бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz