Бұл қадам шаһардың келбетін жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды. Жаңа сквер аумағында заманауи воркаут алаңы да салынды.
Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысына сәйкес, «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде ресми белгіленген. Осыған байланысты көше бойында сауда жасап келген кәсіпкерлер енді арнайы дайындалған жәрмеңкелік орындары бар осы базарға орналастырылуы тиіс.
Қалада стихиялық сауданы тоқтату бойынша рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері белгіленбеген орында сауда жасаған жеке және заңды тұлғаларға жалпы 2 562 600 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар тұрғындар мен сатушыларға түсіндіру мақсатында ақпараттық баннерлер қойылған.
Бұған дейін әкімдік өкілдері саудагерлермен бірнеше рет кездесу өткізіп, жаңа тәртіп пен талаптарды түсіндірген болатын.
Қонаев қаласында жайлы орта қалыптастыруға бағытталған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында да 15 аумақ абаттандырылып жатыр. Барлық жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс.





