Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы мен түркиялық NATA Holding серіктестікті бастады

Алматы облысы Түркияның халықаралық NATA Holding компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл – өңірде ірі стратегиялық инфрақұрылымдық серіктестік қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Құжат тараптардың аймақты кешенді дамытуға арналған ұзақ мерзімді жобаларды жаңа деңгейде жүзеге асыруға дайын екенін көрсетеді. Келіссөздерге компанияның жоғары басшылығының қатысуы жоспарланған ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын айқындайды.

Кездесуге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық басқарма басшылары, Қонаев пен Алатау қалаларының әкімдері, сондай-ақ холдингтің басшылығы мен қазақстандық өкілдері қатысты. Түркия делегациясын NATA Holding компаниясының бас директоры, қаржылық, техникалық және келісімшарт бағыттарының үйлестірушілері бастап келді.

Әкім Марат Сұлтанғазиев өңірдің инфрақұрылымды жаңғырту, көлік желісін дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарын атап өтті.

«Алматы облысы – еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инфрақұрылымды жаңғырту, көлік желісін дамыту және жаңа өндірістік аймақтар құру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. NATA Holding – инженерлік тәжірибесі мен халықаралық беделі бар сенімді серіктес. Жер телімін таңдаудан бастап рұқсат құжаттарына дейін барлық кезеңде сіздердің бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз», – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде холдинг өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Холдинг директорлар кеңесінің төрағасы Намык Танык меморандум екіжақты тиімді ынтымақтастықтың берік негізіне айналатынын атап өтті.

NATA Holding – әлемдегі ең ірі 100 құрылыс компаниясының бірі. Холдинг Түрікменстанда 500 күнде 180 көпір салу арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ Түркиядағы ең ірі сауда орталықтары желісін салған.

Сапар барысында делегация Қонаев қаласындағы «Жаңа Іле» кешенді даму аймағын аралады. Бұл аумақта кең ауқымды тұрғын үй құрылысы, газ, су, электр инфрақұрылымын тарту жобалары таныстырылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны ондаған миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сонымен қатар Шеңгелді массивіндегі суару жүйелерін жаңғырту жобасы көрсетілді. Ол мыңдаған гектар егістік алқапты тұрақты сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Делегация Талғар ауданындағы «Байсерке Агро» компаниясының «Наукоград» жобасымен де танысты. Бұл бастама шамамен 1 триллион теңге көлеміндегі инвестицияны қарастырады.

Тараптар кездесу барысында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқылап, бірлескен жобалардың негізгі бағыттарын белгіледі. Қол қойылған меморандум екі тарап үшін де жаңа келіссөздер мен нақты инфрақұрылымдық жобаларды бастауға негіз болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz