Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бірқатар ауданда салық мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендеді

Алматы облысында арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы маңызды шешім қабылданды. Бұл бастама мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракциясының жүйелі жұмысы мен ұсыныстарының нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңірдің бірнеше ауданы мен қаласында өткен мәслихат сессияларында кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайту мәселесі қаралып, қолдау тапты. Нәтижесінде Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында және Қонаев қаласында арнайы салық режимі бойынша мөлшерлеме 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Ал Еңбекшіқазақ, Талғар және Ұйғыр аудандарында бұл көрсеткіш 4 пайыздан 3 пайызға төмендеді.

«AMANAT» фракциясы бұл мәселені бірнеше ай бойы көтеріп, кәсіпкерлермен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстарын жинақтаған. Партия өкілдері шағын және микро бизнеске түсетін салықтық қысымды азайту қажеттігін мәслихаттарға жүйелі түрде жеткізіп, бастаманың жүзеге асуына ықпал етті.

Жаңа мөлшерлемелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сарапшылардың айтуынша, салықтың төмендеуі кәсіпкерлердің шығындарын азайтып, айналым қаражатын көбейтуге, бизнесін дамытуға қосымша мүмкіндік береді.

«AMANAT» партиясының өкілдері қабылданған шешім өңірдегі кәсіпкерлікті қолдауға, бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Партия алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты басқа өңірлерде де жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz